Алматыда жер сілкінісі кезінде дабыл неге қағылмады?

Төтеншеліктер бүгін дабыл жүйесінің неліктен іске қосылмағанын түсіндірді. Айтуларынша, «Сиреналық және дауыс зорайтқыш құрылғылар жер сілкінісі  5,5 балл болған жағдайда ғана іске қосылады. Mass Alert жүйесі де осы кезде жұмыс істейді. Яғни, сейсмикалық датчиктерден сигнал түскен жағдайда автоматты режимде толық іске қосылады. Бұл туралы Алматы қалалық  Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Сала мамандары дабыл жүйесінің қандай жағдайда іске қосылатынын осылай түсіндірді.

Еске сала кетейік, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де Алматы мен Алматы облысының аумағында жер сілкінді. Сейсмикалық стансылар желісі Алматы қаласынан 33 км шығысқа қарай жер сілкінісін тіркеді. Магнитудасы – 3 балл.