Алматы қаласы мен облысында 3-4 баллдық дүмпу сезілді

Алматы қаласы мен облысының аумағында бүгін сағат 10:00-де жер сілкінісі болды. Сейсмикалық стансылар жүйесінің мәліметінше, зілзала күші Талғар мен Есік қаласында 4 баллға дейін жетті. Алматы қаласы мен Түргенде және Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде 3 баллдық дүмпу сезілді.

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құрбан болғандар мен бүлінген ғимараттар жоқ. Дегенмен қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарындағы мектеп оқушыларын сыртқа шығаруға тура келді. Жарты сағаттық үзілістен соң білім ошақтарындағы оқу үдерісі қайта жалғасты. Қазір облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелердің барлығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.