Петропавлда көктайғақтан 120 адам зардап шекті
Ауа райының қолайсыздығынан Петропавлда да жарақат алғандар саны артты, деп хабарлайды 24kz.
Көктайғақ пен бораннан 120 адам зардап шеккен. Оның алтауы ауыр жараланып, ауруханаға түскен. Қазір травматология бөлімдері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, өңірде желдің ұйытқуы секундына 29 метрге дейін жетті. Ал бір тәулікте 16 мм қар жауған. Өткен тәулікте облыста үш жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан үш адам жарақат алған.
Денис Петров, травматолог:
- Ауа райына байланысты травматология бөлімдері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. 44 адам сынықпен, 46 адам жарақатпен түсті. Жол апатынан зардап шеккендер де бар. 50 адамға гипс салдық. Адамдарды аяқ киімді мұқият таңдап, алкоголь ішпеуге, абай болуға шақырамыз.