Қарағанды облысында жолда қалған 7 адам құтқарылды

Қарағанды облысындағы Степное ауылынан 10 шақырым жерде қалып қойған жеңіл көліктің ішіндегі 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды 24kz.

Оның бесеуі бала. Мамандардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Олар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді. Бүгінде аймақтағы ауа райының қолайсыздығынан кей аудандарда электр сымдары үзілген. 8 үйдің шатыры құлаған. Өңірдегі жағдайға байланысты облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел штаб отырысын өткізді. Қазір бригадирлер жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Ажыратылған электр желілерінің басым бөлігі жөнделді. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.