ШҚО-да шекарашы сарбаз қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында шекара қызметінің жауынгері қаза тапты.
Оқиға Зайсан ауданындағы заставада болған. «Түркістан облысынан шақыртылған 19 жастағы сарбаз өзіне қол жұмсаған», - деген болжам жасалды. Қайғылы жағдай туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ресми сайтында хабарланды. Іске қатысты құзырлы орган өкілдері Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.