Елордада мыс кабельді ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

Елордада мыс кабельдерін ұрлап келген үш адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды.

Олар түнгі уақытта кәріз люктері арқылы жер асты құдықтарына кіріп, ұрлыққа түсіп отырған. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тінту барысында 7 қап тазартылған мыс кабелі мен 3 радиостанция тәркіледі. Оған қоса, электронды және механикалық таразылар табылды. Күдіктілер мыс өнімдеріне ұрлыққа түскендерін мойындады. Қазір олар уақытша қамау изоляторына жабылды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.