Атырауда Жайық үстінен салынған көпірден ақау шықты

Атырауда Жайық үстінен салынған көпірлердің бірінде жарық пайда болды, деп хабарлайды 24kz.

30 жыл бұрын салынған нысан Ақтөбе – Атырау – Астрахан және Ақтау – Атырау – Орал автомагистриальдары арқылы Еуропаға шығатын жүк тасымалын реттейді. Тәулігіне шамамен 2000-ға жуық автокөлік өтеді. Көпірдің негізгі тірек бағандары бүтін.

«Тек жабындыларының қосылған жерлерінде жарықтар пайда болғандықтан ағымдағы жөндеу жүргізіледі», - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.

Қуанышбек Қабдығали, қалалық жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің бас маманы:

- Сондықтан ол жерде деформациялық жырықтарда кейбір жерлерінің арматурасы шығып кеткен. Қазіргі таңда АИС мекемесі тарапынан қайта қалпына келтіріп жатырмыз. Ешқандай көпірді жапқан жоқпыз. Өзі 4 жолақты жол, соның бір жақ бағыты ашық тұр. Бір жақ бағытын бітіргеннен кейін екінші жағын жасаймыз. Көлік қозғалысына ешқандай шектеу жоқ.