СҚО-да пара алғаны үшін аудан әкімінің орынбасары сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды 24kz.

Антикордың мәліметінше, серіктестік директоры оларға аудандық жолдарды жөндеді деп жұмыс актісіне еш кедергісіз қол қойып беруі үшін 10 млн теңге пара берген. Сот үкімімен аудан әкімінің орынбасары 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы 7, ал серіктестік директоры 3 жыл 6 айға сотталды.