Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 53 жолаушы құтқарылды
Қарағандылық құтқарушылар жолда қалған 53 жолаушыны құтқарды.
«Алматы-Екатеринбург» тас жолының бойында Сарышаған елді мекенінен 5 шақырым жерде автобус сынып қалған. Ондағы жолаушылардың барлығы Өзбекстан республикасының азаматтары. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеген. Жолаушылар жақын маңдағы жылы жерге жеткізілді. Өңірде соңғы үш күнде аяз күшейді. Ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендеді.
Нұржан Жақатаев, Қарағанды облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
- Осы уақыт дейін ондай мәселе болған жоқ. Жалпы негізі жолдар жабылған уақытта жол бекеттерінде тұрып қалған көліктерге, жолаушыларға әрине көмек көрсетіліп отырды. Бірақ дәл осындай жағдай бірінші рет орын алып отыр биылғы жылы.