Ақтау маңындағы оқиғаға байланысты жаңа ақпарат белгілі болды

Ақтау қаласы маңында болған оқиғаға байланысты жаңа ақпараттар белгілі болды. Қаза тапқан 38 адамның 10-ы анықталды. Олардың арасында 3 Қазақстан азаматы, 3 Ресей және 4 Әзербайжан азаматы бар. Қазір денелерді идентификациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Ал 20 зардап шеккен адам емдеу мекемелеріне орналастырылды.

Сонымен ауруханада барлығы 29 адам ем-дом қабылдап жатыр. Дәл қазір 14 зардап шеккен адаммен Әзербайжан делегациясының 2 борты ұшуды жоспарлаған.

Айта кету керек, қазір Ақтау маңында болған оқиға жауаптылардың назарында. Қазір ол жерде Төтенше жағдайлар министрлігі мен ведомствоға қарасты Апаттар медицинасы орталығының, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 235 адам, 98 техника мен 2 кинологиялық есеп-топ жұмылдырылды.