Ақтөбеде жол белгілерін жасауға бөлінген ₸272 млн қолды болды

Ақтөбеде жол белгілерін жасауға бөлінген 272 млн теңге жымқырылған, деп хабарлайды 24kz.

Прокурорлардың айтуынша «Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының» директоры күдікті ретінде танылып отыр. Айыпталушы іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған. Алайда қазіргі таңда шаһардағы көптеген көшелерде асфальт бетіндегі белгілер жоқ.

Әсел Өтенова, Ақтөбе қ. Прокуратурасының аға прокуроры:

- Директордың іс-әрекеті ҚР ҚК 189-бабының төртінші бөлігі екінші тармағы бойынша сараланып, яғни, «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу». Оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.