Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында апат болды
Өндіріс аумағында ақау шығып, жанармай жан-жаққа төгілді, деп хабарлайды 24kz.
Тоқтаусыз аққан сұйық отын біраз аумаққа жайылып үлгерді. Әлеуметтік желіде таралған осы бейнежазбадан кейін кәсіпорын ресми ақпарат берді.
«Жр астындағы құбыр жарылды», - дейді зауыттағылар. Қазір ол резервуардан ажыратылған. Өндіріс аумағына 20-30 тонна шамасында жанармай төгіліпті. «Ақау жойылып, зауыт қалыпты ырғақта жұмыс істеп жатыр», - деп сендірді зауыт басшылығы. Қазір арнайы құрылған комиссия апаттың себебін анықтауға кіріскен.
Нұрлан Есжанов, Зауыт директорының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы:
- Трубопроводты таптық. Жердің астында жатқан трубопровод. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жердің астынан қазып, таптық. Утечканы таптық. Не жағдай болғанын комиссия анықтайды.