Атырауда екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап кетті
Атырауда екі жұмысшы бесінші қабаттан құлады, деп хабарлайды 24kz.
Оқиға қаладағы тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмса, 33 жастағы екінші жұмысшы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің бақылауына алынды.
Мейірім Ердәулет, ПД баспасөз хатшысы:
-Қ азіргі таңда қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот медициналық сараптамалар тағайындалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.