Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала қорытындысы жарияланады
Келесі аптада Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала қорытындысы жарияланады.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев хабарлады. ИКАО талаптарына сай әуе апатына қатысты алдын ала ақпарат бір ай көлемінде жариялануы тиіс. Қазір Әзербайжан, Ресей және Бразилия сарапшылары осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. «Олар «қара жәшіктегі» ақпаратты өңделді», - деді Қанат Бозымбаев. Қалған деректер де өңделіп, оның алдын ала қорытындысы келесі аптада жариялануы тиіс.