Павлодарда жасөспірім қыз құрбысын аяусыз ұрып-соқты
Павлодарда өрімдей жас қыздардың әрекеті қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Бұған әлеуметтік желіде қыз баланы аяусыз ұрып-соққан бейнежазбаның таралуы себеп болды. Онда жас қыздың құрбысына аяғымен де, қолымен де соққы жасағаны анық көрінеді. Жасөспірімдердің бірі қатыгездік әрекетті жайбарақат телефон камерасына түсірген.
Полиция осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Барлық қатысушының жеке басы анықталды. Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді.
Жанар Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:
- Кәмелетке толмаған қыз заңды өкіліне кепілгерлікпен табысталды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін оның заңды өкілі жауапқа тартылды. Жасөспірім профилактикалық есепке алынды.