Елордада 500-ге жуық адам оқшаулау режимін бұзған. Оның ішінде Ashyq жобасына қатысатын нысандарға «қызыл статусқа» ие 247 адам барған. Бұған қоса «сары статустағы» 244 адам қалада емін-еркін жүрген. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті талапты бұзғандарды анықтады. Сала мамандары коронавирус жұқтырған науқастарды және олармен байланыста болғандарды 14 күндік үй карантинін сақтауға шақырады. Елорданың қоғамдық орындарын аралау кезінде олар Сovid-19 тасымалдаушылары бола тұра иммунитеті төмен азаматтардың, қарттар мен балалардың, осал топтардағы азаматтардың ауруды жұқтыруына себепші болады.