Ақтөбеде Қобда кентінде газ құю бекетінің резервуарынан өрт шықты

Ақтөбенің Қобда кенті аумағында «Эталон газ» газ құю бекетінің резервуарынан өрт шықты.

Тілсіз жау газ тасығыш көлікке де тиген. Оқыс оқиға түнгі сағат 12-лер шамасында тіркелді. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер, оны ауыздықтап үлгерді. Жалынды сөндіруге 5 техника мен 20-дан астам маман жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.