БҚО-да жаңа фельдшерлік-акушерлік бекет ашылды
Барбастау ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік бекет науқастарды қабылдай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Батыс Қазақстан облысындағы бұл нысан тәулігіне 13 адамға алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Енді ауылдағы мыңға жуық тұрғын ем-дом үшін қалаға сабылмайды.
Жалпы ауданы 200 шаршы метрден асатын емдеу мекемесінің құрылысына 253 млн теңге жұмсалды. Елді мекендердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі жалпыұлттық жоспар аясында облыста 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанын салу көзделіп отыр.
Гүлнар Абдрахманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Әрбір аудандық орталықта, ірі ауылдарда сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Біз осы 50 нысаннан бірінші республикамызда Барбастау ауылымызда осындай жаңа нысан ашылып отыр. Жаңа нысанымыз ашық, сапалы, жарық 4 айда салынған.