Сингапур Президенті Тоқаева алғыс айтты
![Сингапур Президенті Тоқаева алғыс айтты](/media/k2/items/cache/fae9762ea904e599bb7e5fb3b8577510_XL.jpg?t=20230522_111937)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Халима Якобты I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Әрі Сингапур Президентінің екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Өз кезегінде Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамытуға, бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.