Қызылорда облысында 58 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
![Қызылорда облысында 58 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр](/media/k2/items/cache/77928d9016a7ba8668bab6fc2a671e21_XL.jpg?t=20231105_073215)
Сырдария және Шиелі ауданының әкімі сайланады.
Әр лауазымға үш кандидаттан тіркелген. Сырдария ауданы бойынша 22 мыңнан астам сайлаушы бар. Таңғы сағат 7-ден бастап мұнда 18 дауыс беру учаскесі ашылды. Кейбір учаскелерде алғаш болып таңдау жасаған азаматтарға сыйлықтар үлестірілді.
БЛИЦ:
- Халықтың мүддесі, экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында еңбек етеді, ел үмітін ақтайды деп сенемін.
-Белсенділік көп, белсенділік жоғары. Сәттілік тілейміз.
- Ауданның дамуы үшін, алдағы өзгерістер үшін үлкен үміт күттіреді.