Wabtec Қазақстанға 300 локомотив жеткізеді
Америкалық Wabtec компаниясы Қазақстанға техникалық тұрғыдан жетілдірілген 300 локомотив жеткізеді.
Оған қоса техникаға өздері сервистік қызмет көрсетпек. Президент сапары аясында мекемемен бірнеше келісімге қол қойылды. Құжаттың құны 4,2 млрд долларға жетеді. Рәсімге АҚШ Сауда министрі Говард Лютник те қатысты. Көлік технологиясы бойынша әлемдегі көшбасшы компания еліміздің теміржол саласын жаңғырту ісінде негізгі серіктестеріміздің бірі саналады. 2009 жылдан бері Астанада Wabtec Kazakhstan локомотив құрастыру зауыты табысты жұмыс істеп келеді. Осы аралықта компания өндіріске 230 млн доллардан астам инвестиция құйды. Кәсіпорын бүгінге дейін «Қазақстан темір жолына» және экспортқа арналған 600-ден астам локомотив құрастырды. Өндірістің локализация деңгейі 45 пайызға жетті.