Президент ертең БҰҰ алаңында сөз сөйлейді
Мемлекет басшысы ертең БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлейді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасы Нью-Йорк уақытымен шамамен сағат 13:00 мен 14:00 аралығында жоспарланған. Қазақстан тұрғындары баяндаманы БҰҰ-ның ресми сайтынан тікелей эфирде көре алады. Ол Астана уақытымен шамамен 22:00 мен 23:00 аралығына сәйкес келеді.