Президент Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын бірлесіп әзірлеуді ұсынды

Мемлекет басшысы Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын бірлесіп әзірлеуді ұсынды. Бұл аймақтың әлеуетін одан әрі нығайту үшін маңызды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өндіріс, энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп және басқа да секторларда бірлескен кәсіпорындардың саны көбейіп, ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сауда кедергілері біртіндеп жойылып, жаңа өткізу бекеттері ашылып, авто, теміржол арқылы байланыс жанданып келеді.

Президенттің пікірінше, халықаралық аренадағы өзгерістер кезеңінде Орталық Азия елдерінің Еуразиядағы негізгі транзиттік торапқа айналуға бірегей мүмкіндігі бар. Сондықтан Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын бірлесіп әзірлеу керек.