Жаңа Конституция жобасы дамуға жол ашады. Блиц
Қызылордалықтар жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірін білдірді.
Олар Ата Заң преамбуласында елдің унитарлығы мен аумақтық тұтастығын қорғау қағидаларының нақты көрсетілуін маңызды қадам деп бағалады. Тұрғындар білім, ғылым, инновацияны қолдау және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау заман талабы екенін атап өтті.
- Конституцияда біздің тарихымыз, декларация түрінде емес, үлкен құндылық ретінде еніп бекітіліп отыр. Сондықтан да жалпы бұл Ұлы Дала — мыңжылдықтар тоғысындағы сөздер, жалпы біздің тарихи субъект екенімізді дәлелдейтін мемлекеттік бірегейлікті айқындайтын ойлар тұжырымдалады деп ойлаймыз. Жалпы сол преамбулада барлығы бүкіл Конституцияның философиясы деуге болады, барлық мәселелер қамтылған.
- Азаматтардың жеке деректерінің интернеттегі қауіпсіздігі және де цифрлық ортадағы қауіпсіздіктер конституциялық деңгейде нақты белгіленген.
- Цифрлық құқықтың конституциялық деңгейде бекітілуі — адамдардың осы технологиялық ортада құқықтарының кепілі болып сақталуына кепіл болады деп ойлаймын. Және де бұл норма қоғамда болып жатқан кибершабуылдар, деректердің жаппай таралуы секілді қылмыстарға мемлекет тарапынан құқықтық шара деп ойлаймын.