Жаңа Конституция жобасында цифрлық ортада адамның құқықтарын қорғау бекітілді

Жаңа Коституция жобасында азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау мәселесі алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді.

Бұл адамдардың дербес деректеріне, жеке өміріне қол сұқпауына кепілдік береді. Негізгі заңға еңгізілген жаңа норма туралы ел тұрғындарының пікірі осындай.

БЛИЦ

- Конституцияда  «мың жылдық тарихы даланың бай мұрасын сақтаушы, сонымен қатар мемлекеттің тұтастығына ешкім қол сұқпайды» деген сөзді еңгізіп, біздің жаңағы шекарамызды, мемлекетімізді әрі қарай бекітіп жатыр. Енді бұл Конституция әрі қарай біздің жаңағы мәртебемізді, құқықтығымызды сақтайтын құжат болады.

- Қазіргі мынау цифрлы платформалар, түрлі шетелден келген сайттар барлығы енді адамының бір жағынан құқығын да бұзады,бұл жерде бар ғой әлгі кибербезопасность деген өзінің сауаттылығын сақтауда, өзінің құқығын қорғауда әрние мынандай нақты, тұрақты бір заң керек. Сондықтан мен осы конституция арқылы мемлекетіміздің қорғауына мен толығымен келісемін, оны қолдаймын.

- Ата заңымызда басым бағыттардың бірі ретінде белгіленген білім, мәдениет, адам капиталы, ғылым инновация. Әлемде болып жатқан үлкен технологиялық төңкерістерді дайын болуымыз керек, соны қабылдай алуымыз керек, соған қабілетті болуымыз керек деп ойлаймын.