Қытай референдумның сәтті өтуімен құттықтады
Қытай Қазақстандағы жаңа конституция бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтады.
Оны Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лин Цзянь брифинг кезінде жеткізді. Ол өз сөзінде «Достық көрші және жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қытай Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік даму мен өркендеуді қолдайтынын көргеніне қуанышты» деді.
Лин Цзянь, Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Қытай Қазақстанды жаңа конституция бойынша референдумның сәтті аяқталуымен құттықтайды. Қытай әрқашан Қазақстанмен қарым - қатынасты дамытуға үлкен мән береді және екі президенттің маңызды уағдаластықтарын іске асыру, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және Қытай-Қазақстан қатынастарының деңгейін тұрақты арттыру үшін Қазақстанмен ынтымақтасуға әркез дайын.