ЖСДП бағдарламасы өзгереді
Әйелдердің цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін күшейту.
Бүгін жалпыұлттық социал демократиялық партиясының ауқымды жиынына қатысушылар осындай ұсыныс жасады. Атап айтқанда, интернетте адамның қыр соңына түсу мен онлайн алаяқтардың құрығынан қорғау мәселесі қаузалды. Бұдан бөлек қоршаған ортаны қалпына келтірудегі ірі бизнестің жауапкершілігін қатаңдату және экология саласындағы қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігі айтылды. Аталған бастамалардың барлығы бірнеше айдан кейін өтетін партия съезінде қаралатын болады. Жиында сонымен бірге жаңарған Ата заңның нормаларын жүзеге асыру талқыланды.
Тазабек Сәмсетбай, ЖСДП партиясы төрағасының орынбасары:
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Жаңа Конституция негізінде өзінің бағдарламасын да түзейді. Өйткені ЖСДП бағдарламасына да көп өзгерістер енеді. Жаңа добада бағдарламамыздың көптеген баптары қабылданды. Енді алдымызда жаңа мақсаттар, жаңа межелер тұр. Осы социал-демократтардың ұсыныстары негізінде біз жаңа бағдарлама түзетін боламыз.