Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда кездесу өткізді

Моңғолияда Қарақорым атты жаңа қала салынып жатыр.

Екі ел Президенттерінің шағын құрамдағы келіссөзінде мәлім болды. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесінің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. Былтыр Моңғолия экономикасы 6,8 пайызға өсті. Мемлекетті дамытуға арналған «Vision-2050» кешенді жоспары қолға алынғанын да назардан тыс қалдырмады. Ухнаагийн Хурэлсух араға 20 жыл салып Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп отыр. Ол да моңғол-қазақ қарым-қатынасының стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін жеткізді. Екі жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға сапары барысында оннан астам құжатқа қол қойылған. Бүгін де бірқатар маңызды құжаттар қабылданады.