Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Астанада өткен Құрылтай съезінде Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұған дейін ол Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайға қоғамдық-саяси бағыттағы жұмыспен айналысуды тапсырған болатын.
Партия өкілдерінің мәлімдеуінше, «Әділет» президенттік реформалар бағытын қолдайтын саяси ұйым ретінде құрылды.