Президент Мәскеуде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс- шараға қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.
Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров telegram-арнасында жариялады.