Мажарстан Премьер-министрі Қ. Тоқаевқа ризашылығын білдірген хат жолдады

Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады.

Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан. Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған.