Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы заңды қабылдады
Парламент екінші оқылымда Конституция нормаларын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңды қабылдады, деп хабарлайды «24KZ»
Жаңа заң қоғамның мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерін кеңейтуге және мемлекеттік саясатты қалыптастыру процесіне азаматтық сектордың ықпалын арттыруға бағытталған.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесі Жоғары Конституциялық консультативтік орган ретінде айқындалады. Ол келісілген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейтін алаң ретінде қызмет атқарады.
Халық Кеңесіне ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, жалпыхалықтық референдум өткізуге бастамашылық жасау, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі. Сонымен қатар, оған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастыру және өткізу функциясы жүктеледі.
Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық емес сектордың, сондай-ақ мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері теңгерімді түрде енгізіледі. Әр санаттан 42 адамнан қатысуы көзделген.
Сонымен бірге заң Халық Кеңесінің ұйымдастырушылық құрылымын да бекітеді. Негізгі шешім қабылдайтын орган Сессия болады. Жекелеген бағыттарды қарастыру үшін тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтары құрылады. Ал ұйымның қызметін ұйымдастырушылық және талдамалық тұрғыда қамтамасыз ететін арнайы Хатшылық құрылатыны да көзделген.