«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті

«Әділет» партиясы бүгін мемлекеттік тіркеуден өтті. Ол қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, кәсіпкерлерді, еңбек адамдарын және белсенді жастарды біріктіреді.

Партияның негізгі басымдықтарының қатарында заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту, тиімді институттар мен өңірлерді дамыту бар. Саяси бірлестік өкілдері әділетті, заманауи әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруға өз үлестерін қосуды көздеп отыр.