ТМД елдері Қарулы күштері штабтарының бастықтары Астанаға келді

Елордада ТМД елдері Қарулы күштерінің штаб бастықтары ынтымақтастық көкжиектерін талқылады.

Жиынға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан әскери ведомстволарының өкілдері қатысты. Тараптар әлемдегі және Орталық Азия өңіріндегі әскери-саяси ахуалды, көпжақты әскери ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Әскери авиация ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы да сараланды. Сонымен қатар жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техниканы қолданудың заманауи тәжірибесін зерделеу жайы сөз болды. Өз кезегінде Қазақстан әскер құрылымын дамытудағы тәжірибесімен және әскердің жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерімен бөлісті. Басқосу соңында қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.