О. Бектенов жанар-жағармай нарығындағы жағдай бойынша жиын өткізді
Олжас Бектенов жанар-жағармай нарығындағы ахуал бойынша жиын өткізді. Онда жауапты ведомство басшыларының есебі тыңдалды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, бүгінде ахуал тұрақты. Мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы режимде жұмыс істеп жатыр. Десе де жанар-жағармайды елден заңсыз тасып шығару тыйылмай тұр. Жыл басынан бері жалпы көлемі 40 мың литрден асатын отынды заңсыз тасымалдаудың 593 дерегі анықталған. Соңғы екі тәулікте өткізу пункттерінде 61 бұзушылық әшкере болды. Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр мұнай өнімдерінің ішкі нарықтағы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жағдайды күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.