Сарапшы: Құрылтай сайлауы арқылы азаматтар саяси үдеріске қатысады
Жаңа Ата заңға сәйкес, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы халықаралық сарапшылардың да назарында.
Мамандар бұл үдеріс Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ елдің қоғамдық өміріне бірқатар өзгерістер әкеледі деп болжайды. Түркиялық сарапшының сөзінше, Құрылтай сайлауы саяси және экономикалық реформалардың жаңғыруына серпін береді.
Емрах Кая, Османие Қорқыт Ата университетінің оқытушысы:
- Бұл реформалар саяси жүйені трансформациялауға негіз қалап, басқарудың заманауи моделін қалыптастыруға жол ашты. Өз мүдделерін тікелей білдіретін өкілдерді сайлау арқылы азаматтар саяси үдерістерге белсендірек қатыса алады. Саяси кемелдік, бәсекелестік және жоғары саяси мәдениет тиімді басқару мен тұрақты қоғамның негізі.