Сарапшы: Құрылтай – реформаларды жеделдетеді

Құрылтай реформаларды жедел жүзеге асыруға көмектеседі. Мысырлық сарапшы Ахмед Мустафа елдегі саяси өзгерісті осылай бағалады.

Оның ойынша, бірпалаталы парламент бюрократияны жойып, маңызды шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік береді. 

Ахмед Хасан Ахмед Мохамед Мустафа, сарапшы:

- Институционалдық жүйені мұндай ықшамдау ел басшылығының шешім қабылдау процесін азаматтарға жақындатуға және заңдарды қабылдауды баяулатқан бюрократиялық рәсімдердің қайталануын жою арқылы заңнамалық реформаларды жеделдетуге ұмтылысын көрсетеді.