Құрылтай сайлауы — саяси реформалардың маңызды кезеңі
Қазақстан саяси реформалардың жаңа кезеңінен өтіп келеді.
Құрылтай сайлауы осы өзгерістертегі маңызды қадамның бірі. Германиялық сарапшы Оливер Ролофстың пікірінше, реформалар мемлекеттік институттарды нығайтып, азаматтардың саяси үдеріске қатысуын арттыруға бағытталған. Оның айтуынша, тұрақты әрі заманауи институттар елдің экономикалық өсімі мен халықаралық аренадағы беделі үшін де маңызды.
Оливер Ролофс, қауіпсіздік және коммуникациялар саласындағы сарапшы, Германия:
- Қазақстан – Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Ел энергетика, стратегиялық маңызды шикізат ресурстары және Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орта дәліз бағытында маңызды роль атқарады. Геосаяси ахуал күрделеніп тұрған кезеңде сенімді серіктестердің маңызы арта түседі. Сондықтан реформаларға бағыт ұстанған, экономикалық тұрғыдан қуатты Қазақстан Германия мен Еуропаның да мүддесіне сай келеді. Қазақстан азаматтарына сайлауды сәтті өткізуді тілеймін. Бұл заманауи әрі болашаққа ұмтылған Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.