Халықаралық сарапшылар Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдірді

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы конституциялық реформадан кейінгі алғашқы жалпыхалықтық саяси науқан.

Германия сарапшылары бірпалаталы Парламент реформаларды жЕдел жүзеге асыруға көмектеседі деген пікірде. Сондай-ақ "Құрылтай" атауының өзі Қазақстан үшін тарихи мәнге ие және елдің маңызды мәселелерін ашық талқылайтын жалпыұлттық басқосу деп бағалады.

Михаэль Хармс, Германия экономикасы шығыс комитетінің басқарушы директоры:

- Құрылтай халық жиыны дегенді білдіреді. Жалпы Қазақстанда әрдайым тиімді Парламент болған. Енді саяси жүйені қайта құрылымдаудың арқасында оның тиімділігі арта түседі. Бірыңғай басқару жүйесіне көшу - заң шығару үдерістерін одан әрі жеделдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстан азаматтары саяси үдерістерге белсендірек қатыса алатын болады.

Кристиан Гроссе, сарапшы, «Либералды орта бизнес» экономикалық бірлестігінің Берлин бөлімшесінің төрағасы:

- Менің ойымша, бірпалаталы жүйеге көшу өте дұрыс шешім. Бұған дейін Мәжіліс пен Сенат кезінде нақты шешім қабылдауға біраз уақыт керек болатын. Бұл тұста Құрылтай әсіресе, инвесторлар үшін өте маңызды болмақ. Өйткені ұзақ мерзімді шешімдердің кідіріссіз, жедел әрі нақты қабылдануына жол ашады. Бұл өз кезегінде инвестиция тартуға, экономиканы дамытуға және түрлі жобаларды қолдауға серпін береді.