Жетісу облысында комиссия мүшелері оқытылып жатыр

Жетісу облысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары өтіп жатыр. Кезекті басқосу Талдықорған қаласында ұйымдастырылып, оған 170 адам қатысты.

Сұрақ-жауап форматында өткен семинар барысында қатысушыларға сайлау заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді. Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты сауалдарына жауап алды. Біліктілікті арттыруға бағытталған семинарлар облыстың бес ауданы мен бір қаласында өтті. Қалған Әкімшілік аумақтарда оқыту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жалпы Жетісу облысында 468 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оларда 2900-ден астам адам қызмет атқарады. Саяси науқанға орай мемлекеттік мекемелердің де дайындығы пысықталып, қауіпсіздік және заң талаптарының сақталуы сынды мәселелер талқыланды.

Азамат Айманақұмов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Сайлау комиссияларының оқыту мәселесі, олардың сайлау заңдарын білу туралы білім деңгейі және учаскелік комиссияларының құрылымдарының дайындық мәселесі, оның ішінде инклюзивті орта қалыптастыру мәселесі осының бәрі инспекциялық тексеру аясында қадағаланады.