Сарапшы: Құрылтай сайлауы – ел дамуының жаңа кезеңі
Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жүйесін дамытып, өкілді билік органдарын нығайтады. Канаданың бұрынғы сенаторы Виктор Оу осылай дейді.
Оның сөзінше, ол Қазақстанмен жақсы таныс. Тіпті 4 жыл бұрынғы президент сайлауын көзбен көрген. Айтуынша, бұл тәжірибе оған халқымыздың тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге көмектескен. Сондықтан алдағы сайлау науқаны еліміз үшін маңызды деп санайды.
Виктор Оу, Канаданың бұрыңғы сенаторы:
- Бұл - Қазақстанның одан әрі саяси және конституциялық дамуындағы, сондай-ақ биліктің өкілді институттарын нығайту жолындағы маңызды белес. Әрбір сайлау - азаматтардың белсенді қатысуы арқылы өз елінің болашағын қалыптастыруға үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды кезең. Қазақстан халқы бұл маңызды оқиғаға үлкен жауапкершілікпен қарайтынына сенімдімін.