Сарапшы: Құрылтай сайлауы - Қазақстан үшін өте маңызды оқиға
Құрылтай сайлауы - Қазақстан үшін өте маңызды оқиға. Ал саяси реформалардың мәні - жаңа саяси жүйені тиімді Әрі қоғамға түсінікті ету.
Токио университетінің доценті - Қазақстанды зерттеу жөніндегі жапон қоғамының мүшесі Теруе Окада осылай дейді. Ол референдумнан бастап сайлау өткізуге дейінгі бүкіл үдеріс белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сарапшының айтуынша, Қазақстанның жаңа Конституциясы мазмұны жағынан қазіргі заманға сай жаңашыл құжат. Өйткені онда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты мәселелер де қамтылған.
Теруе Окада, Токио университетінің доценті – Қазақстанды зерттеу жөніндегі жапон қоғамының мүшесі:
- Мен әртүрлі саяси партия өкілдері арасындағы саяси теледебаттардың мазмұнымен таныстым. Саяси партиялардың рөліне тоқталатын болсақ, бұл сайлау олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге ықпал етеді. Халық пен депутаттар арасындағы байланыс өте маңызды. Азаматтар Құрылтайда және партиялардың өз ішінде маңызды мәселелер бойынша саяси пікірталастардың қалай өтетінін көріп, хабардар болып отыруы керек.