Сарапшы: Қазақстандағы саяси реформалар Орталық Азияға серпін береді
Парламенттік жүйенің жаңаруы, пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі және партиялық мәдениеттің дамуы Қазақстандағы саяси плюрализмді күшейтеді.
Кавказ халықаралық университетінің профессоры Вахтанг Майсая осындай пікір білдірді. Сарапшының айтуынша, бұл өзгерістер Орталық Азияның басқа елдеріне де демократиялық реформаларды дамытуға үлгі бола алады. Әсіресе бір палаталы парламентке көшу және саяси партиялардың рөлін арттыру елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам саналады.
Вахтанг Майсая, Кавказ халықаралық университетінің профессоры:
- Қазақстан қазірдің өзінде өңірдегі жетекші мемлекеттердің бірі. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси реформалар аясында жүргізіліп жатқан парламенттік құрылымды жаңарту және депутаттар санын 145 адамға дейін қысқарту – елдегі демократиялық өзгерістердің қалыптасуындағы маңызды кезең.