Зиялы қауым өкілдері дауыс берді
Алматыда зиялы қауым өкілдері Құрылтай сайлауында дауыс беріп жатыр. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов өз таңдауын жасады.
Қаламгер Құрылтай сайлауын елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға екенін атап өтті. Жазушының айтуынша, алдағы уақытта Құрылтайда қабылданатын заңдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.
Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы:
- Қазақстанның жаңа Құрылтайын сайлап жатырмыз. Бұл — біздің болашағымыздың алғашқы бастауы. Осы Құрылтайға сайланған партиялар ертең елдің көркеюіне, өркендеуіне, Қазақстан халқының жағдайының жақсаруына жұмыс істейтін болады. Осы Құрылтай арқылы біздің көптеген мәселелеріміз заң жүзінде де, басқа да мәселелер бойынша шешілетін болады.