ШЫҰ: Байқаушылар ашықтық пен бейтараптық қағидаларын ұстанады

Құрылтай сайлауына Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін алты мемлекеттен 17 халықаралық байқаушы келді. 

Олар өз жұмысын Астана қаласы мен Ақмола облысындағы дауыс беру учаскелерінде жүргізді. Байқаушылар сайлауға дайындықты алдын ала бақылап, дауыс берушілер үшін қаншалықты қолайлы жағдай жасалғанын зерделеді.

Т.Р. Мидхун ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары:

- Біздің қызметіміз ашықтық және бейтараптық қағидаларына негізделеді.  Ең маңыздысы Құрылтай сайлауының ұлттық заңнама талаптарына сай өтуі. Әзірге біз науқанға қатысты баға беру ерте деп олаймыз. Дауыстар саналып біткеннен кейін өз қорытындымызды жариялаймыз. Өз атымнан Қазақстан мемлекетіне қонақжайлылық үшін алғысымды білдіргім келеді.