Партиялар Құрылтай құрамына өткен депутаттар тізімін жариялай бастады
Қазақстандық партиялар Құрылтайдың бірінші шақырылымындағы өз депутаттарының тізімін жариялай бастады, деп хабарлайды «24KZ».
Сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 71,17 пайызының қолдауына ие болған «Әділет» партиясы 110 мандатқа ие болды. Дегенмен, бұл саяси ұйым Құрылтайға аттанатын өкілдерінің тізімін әлі жариялаған жоқ.
Ал сайлауда белгіленген межені еңсерген өзге де саяси бірлестіктер өз депутаттарының тізімін ресми түрде жариялады:
1. «Ауыл» партиясы
Сайлаушылардың 6,26%-ы таңдаған партияға 10 орын бұйырды (квотаның орындалуы — 60%). Құрылтайда бұл саяси ұйымның атынан мына азаматтар өкілдік етеді:
-
Қайрат Айтуғанов
-
Шахмардан Байманов
-
Захира Бегалиева
-
Серік Егізбаев
-
Мұрат Иргибаев
-
Ажар Қажыбекова
-
Владимир Киян
-
Алмас Мухаметов
-
Динара Райханова
-
Рабиға Тоқсейітова
2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
Электораттың 5,11%-і қолдаған партия 8 мандатқа ие болды (квотаның орындалуы — 62,5%). Партия атынан депутат болатындар:
-
Асхат Рахымжанов
-
Мақсұт Насибулов
-
Нұрайнаш Қамалова
-
Лариса Ли
-
Аслан Кұлмағамбетов
-
Арман Ақылбай
-
Наурыз Сайлаубай
-
Ажар Сағындықова
3. «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы
Халықтың 5,21%-ы дауыс берген «Ақ жол» партиясы 8 мандатты өзара бөлісті (квотаның орындалуы — 50%). Тізімге енгендер:
-
Дәурен Ахметжаев
-
Бақтыбек Бибаев
-
Дания Еспаева
-
Асылхан Қожахметов
-
Юрий Ли
-
Олжас Нұралдинов
-
Мейраш Шынасылова
-
Ермекқали Юсупов
4. «Respublica» партиясы
Сайлаушылардың 5,56%-ы қолдаған саяси бірлестік 9 мандатқа ие болды (квотаның орындалуы — 44,4%). Құрылтайға баратын тізімге енгендер:
-
Бекжан Айтқұлов
-
Руслан Ыдырысов
-
Мейрхат Қасымбаев
-
Олжас Құспеков
-
Динара Наумова
-
Екатерина Смолякова
-
Нұргүл Тау
-
Махамбет Хасенов
-
Айдарбек Қожаназаров