Қ. Тоқаев Бішкекте ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «Шанхай ынтымақтастық ұйымы+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды.
Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.