О. Бектенов жаңа министрлерді таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің ұжымдарына Президент Жарлығымен тағайындалған жаңа басшыларды таныстырды.

Үкімет басшысы экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты таныстыру барысында Ерлан Нысанбаевқа атқарған жұмысы мен экологиялық мәдениет қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына жаңа министр Мұрат Мұхановты таныстырып, бұрынғы министр Шыңғыс Әріновке алғысын айтты. Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігінің жаңа басшысы Арман Қырықбаевты таныстыру кезінде Аида Балаеваға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, оған Қауіпсіздік Кеңесіндегі жаңа қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: