Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге бөлінеді
Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысын қамтамасыз етуге 1,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Құрылтайдағы брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Қаражаттың бір бөлігі Кеңес мүшелерінің еңбекақысына бағытталады. Сондай-ақ қаржы халықпен кездесулер өткізуге, форумдар мен сессиялар ұйымдастыруға, іссапарларға, қоғамдық консультациялар мен тыңдаулар өткізуге жұмсалады.
Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер де пайдаланылады.
Вице-министрдің айтуынша, Халық Кеңесі мүшелеріне еңбекақы төлеу жүйесі қарастырылған. Алайда оның нақты тетіктері қызметтік ақпаратқа жататындықтан, бұл мәліметтер жарияланбайды.
Қазақстан Халық Кеңесі жаңа конституциялық орган ретінде қыркүйектің екінші жартысында қалыптастырылады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз