Қазақстан-Қытай: ынтымақтастықтың жаңа бағыты

Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы – келіссөз алаңы ғана емес, мемлекеттік деңгейдегі дипломатиялық іс-шара. Қытай сарапшысы Чжао Чжэнь осындай пікір білдірді.

Ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық терең интеграцияға өтудің маңызды кезеңінде тұр деп санайды. Ғалымның айтуынша, үкімет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіру маңызды. Бұл инвестфорум тараптардың жұмыс бағытын нақтылап, бірлескен жобаларды дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Чжао Чжэнь, Қытай Халықаралық мәселелерді зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері:

- Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастығы дәстүрлі салалардан жаңа бағытқа бет бұрғаны анық. Оны қытайлық компаниялардың инвестициялық қызығушылығынан көріп отырмыз. Инвесторлар кейінгі кезде дәстүрлі салалардан өнеркәсіптік интеграция мен технологиялық бағытқа қарай ауыса бастады. Форум дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл жұмысты жүйелеп, сапалы, жаңа деңгейге көтеруге серпін береді деп санаймын.

Сондай-ақ оқыңыз: